Akelius платформасында жаңа функция пайда болды
2022 жылғы маусымда Akelius платформасында мұғалімге гаджетін сервер ретінде пайдалануға мүмкіндік беретін жаңа функция пайда болды. Бұл Қазақстанға келген және өмірдің күрделі жағдайына тап болған балаларды оқытудың тиімділігін арттырады.
«Біз Akelius платформасында жаңа функцияларды әзірлеу барысында ілгерілеуге қол жеткізудеміз. Жаңа нұсқада мұғалімнің құрылғысы сервер ретінде жұмыс істейді, ал студенттердің планшеттері сервердегі мазмұнды тұтынады. Тек мұғалімнің құрылғысы мазмұнды жүктеп алуы тиіс. Бұл қосымшаны автономды режимде пайдалануды айтарлықтай жеңілдетеді», - дейді Akelius Тілдер кафедрасының меңгерушісі Николь Цислик.
Балаларды оқыту балалардың цифрлық дағдыларын дамыту және олардың сауаттылық деңгейін арттыруға бағытталған Akelius, ЮНИСЕФ және ХАТУ-мен бірлескен жоба аясында өткізіледі. 2021 жылғы қыркүйектен бастап Қазақстанның 9 мектебі пилоттық жобаға қатысуда. Осы мектептер базасында цифрлық зертханалар құрылып, оқушылар мен мұғалімдер планшеттермен, зарядтау станцияларымен, микрофондармен, құлаққаптармен және басқа да гаджеттермен қамтамасыз етілген.
Білім беру платформасының функционалдығын жақсартуға қатысты жұмыс жалғасуда. Мысалы, 2022 жылғы сәуірде Meshnet функциясы қосылды. Meshnet альфа нұсқасын тестілеу барысында жаңа, Meshnet 2.0. бета-нұсқасында анықталған проблемалар шешілді. Қазір мамандардың айтуынша, бұл функция тұрақты. Mesh-желілері сымсыз желіні ұйымдастыру үшін пайдаланылатынын ескеру қажет. Олар бір роутер орындай алмайтын тапсырмаларды шешуге мүмкіндік береді. Бұл технология үлкен аумақтарда пайдалы.