International IT University
INTERNATIONAL IT UNIVERSITY
Магистратураға қабылдау комиссиясы
Қабылдау үрдісі
Қазақстан Республикасының азаматтары үшін
Университетке ақылы негізде және мемлекеттік грант бойынша оқуға қабылдау Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы әзірлеген технологиялар бойынша өткізілетін кешенді тестілеу (бұдан әрі — КТ) нәтижелері бойынша берілген сертификаттың балдарына сәйкес азаматтардың өтініші негізінде жүзеге асырылады.
1. КТ өткізу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 8 мамырдағы № 190 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18657 болып тіркелген) бекітілген Кешенді тестілеуді өткізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
2. КТ – ны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы (бұдан әрі – ҰТО) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі (бұдан әрі-ҚР ҒЖМ) айқындайтын КТ өткізу пункттерінде өткізеді.
3. КТ нәтижелері бойынша ҰТО сайтында расталатын электрондық сертификат беріледі.
4. Түсу (шығармашылық) емтихандарын және КТ-ны тапсыру кезеңінде оларды қайта тапсыруға жол берілмейді.
5. Магистратураға түсушілер өтініште білім беру бағдарламаларының бір тобын және 3 (Үш) ЖЖОКБҰ көрсетеді.
Маңызды күндер:
Өтініштерді қабылдау мерзімі:
Жазғы қабылдау: күнтізбелік жылдың 1 маусымы мен 8 шілдесі аралғында жүргізіледі
Ұлттық тестілеу орталығының ақпараттық жүйесі (https://app.testcenter.kz/auth/registration).
Қысқы қабылдау: күнтізбелік жылғы 25 қазан мен 10 қараша аралығында жүзеге асырылады.
Ұлттық тестілеу орталығының ақпараттық жүйесі
Кешенді тестілеу келесі мерзімдерде.
Кешенді тест өткізу мерзімі:
Жазғы қабылдау: күнтізбелік жылғы 20 шілде мен 10 тамыз аралығында жүргізіледі.
Қысқы қабылдау: күнтізбелік жылдың 18 қараша мен 11 желтоқсан аралығында жүргізіледі.
Магистратураға қабылдау келесі мерзімдерде жүргізіледі:
Жазғы қабылдау: күнтізбелік жылдың 15 тамызынан 28 тамызына дейін.
Қысқы қабылдау: күнтізбелік жылғы 26 желтоқсаннан 10 қаңтарға дейін.
Күнтізбелік жылғы 20 шілдеден 10 тамызға дейінгі кезеңде өткізілген КТ сертификаты күнтізбелік жылғы 1 желтоқсанға дейін жарамды.
Күнтізбелік жылғы 18 қарашадан 11 желтоқсанға дейінгі кезеңде өткізілген КТ сертификаты күнтізбелік жылғы 1 наурызға дейін жарамды.
КТ-ға қатысу құны 14693 теңгені құрайды.
Магистратураға түсуші өтініште білім беру бағдарламаларының тобын және үш ЖЖОКБҰ көрсетеді.