International IT University

INTERNATIONAL IT UNIVERSITY

Докторантураға қабылдау комиссиясы

Қабылдау үрдісі

Қазақстан Республикасының азаматтары үшін
Университетке мемлекеттік грант бойынша және ақылы негізде оқуға қабылдау түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.














Жжокбұ ға докторантураға түсуші өтініштерді қабылдауды Жжокбұ қабылдау комиссиялары және Ұлттық тестілеу орталығының ақпараттық жүйесі арқылы жүргізеді (app.testcenter.kz) келесі мерзімдерде:

1) күнтізбелік жылдың 3 шілдесінен 3 тамызына дейін;
2) күнтізбелік жылдың 25 қазанынан 10 қарашасына дейін.


Докторантураға білім беру бағдарламаларының топтары бойынша түсу емтихандары келесі мерзімдерде өткізіледі:

1) күнтізбелік жылдың 4 тамызынан 20 тамызына дейін;
2) күнтізбелік жылдың 19 қарашасынан 11 желтоқсанына дейін.


Магистратураға және докторантураға қабылдау мынадай мерзімдерде жүргізіледі:

1) күнтізбелік жылдың 15 тамызынан 28 тамызына дейін;
2) күнтізбелік жылдың 26 желтоқсанынан 10 қаңтарына дейін.


Докторантураға "Магистр" дәрежесі және кемінде 9 (тоғыз) ай жұмыс өтілі бар адамдар қабылданады.

Ағымдағы жылы оқуға түсу үшін құжаттарды университеттің қабылдау комиссиясына дәстүрлі түрде баспа түрінде ұсынуға болады.

Версия сайта для слабовидящих