Қазақстандағы Akelius бастамасы: оқытудағы жаңа тәсілдер

2022 жылдың 20 мамырында Нұр-Сұлтан қаласында Білім беруді жаңғырту орталығының қолдауымен «Жаңа тіл – жаңа мүмкіндіктер. Akelius платформасын пайдаланатын балаларға арналған сауат ашу бағдарламасы» онлайн-конференциясы өткізілді. Конференцияға Нұр-Сұлтан қаласындағы «Akelius» жобасының үйлестірушілері, ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілдері, ХАТУ оқытушылары, білім беру ұйымдарының оқытушылары, Білім беруді жаңғырту орталығы мектеп бөлімінің әдіскерлері, Нұр-Сұлтан қаласының білім беру ұйымдары директорларының орынбасарлары қатысты.

Конференция барысында ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы білім беру бағдарламаларының жетекшісі Татьяна Адерихина осы сауаттылық жобасын жүзеге асыру үшін әртүрлі елдерде қолданылатын халықаралық тәсілдермен бөлісті.

«Бірқатар елдерде Akelius платформасын пайдалана отырып, балаларды сауаттылыққа үйретудің халықаралық бағдарламасы жүзеге асырылуда.

Қазақстан бұл бастаманы 2021 жылы халықтың әлеуметтік осал топтарындағы балалар мен жасөспірімдердің (этникалық және тілдік азшылықтардан шыққан босқындар мен мектептен тыс мигранттар) шет тілдерін меңгеруіне жәрдемдесу, осылайша олардың тілдерді үйренуге арналған электронды платформаны әзірлеу және локализациялау арқылы ресми білім беру жүйелеріне және қоғамға кірігіп кетуін жеңілдету мақсатында қолға алды», - деді Татьяна Адерихина.

Версия сайта для слабовидящих