ХАТУ тіл мамандары мұғалімдермен бірге мектеп аралауының нәтижелерін талқылады

Ф.ғ.к. ассистент-профессор Евгений Медведев талқылауға қатысушыларды Акелиус жобасы бойынша іске қатысқан мектептерге барудың негізгі мақсаттарымен таныстырды. Негізгі мақсаттары:

  1. Мектептермен, әкімшілікпен, орыс және ағылшын тілдері мұғалімдерімен танысу/кездесу.
  2. Жобаны жүзеге асыру барысын, міндеттерін, ағымдық нәтижелерін, қиыншылықтары мен сын-тегеуріндерін талқылу.
  3. Акелиус жобасы бойынша мұғалімдер арасында сауалнама жүргізу (электронды түрде).
  4. Жоба бойынша және одан тыс оқушылардың білімін бағалауды жүргізу (қағаз түрінде, мұғалімдердің өздері өткізеді).
  5. Офлайн түрде әдістемелік/техникалық консультация көрсету.
  6. Сыныпты басқаруды, цифрлық ортаны ұйымдастыруды талқылау.
  7. Онлайн тренингтер жоспарлау (тақырыбы, күні).
  8. Жобаны тиімді жүзеге асыру үшін әдістемелік материалдарды таныстыру.
  9. Акелиус платформасында курсты жетілдіру бойынша жұмыс.
  10. Өтілген тренингтер бойынша сертификаттар тапсыру.


«Мектептерге барған кезде кейбір техникалық қиындықтарға тап болдық: мектептердегі интернет жылдамдығының төмендігі; құрылғының жады шектеулі болғандықтан бірден ағылшын және орыс тілдерінде бір планшетке курстар орнату мүмкіндігінің болмауы; планшеттерде қорғаныс әйнектерінің болмауы», - деді Евгений Юрьевич.


Жоба үйлестірушісі, PhD, ХАТУ АҚ тілдер кафедрасының меңгерушісі Жаннұр Манапбаева да техникалық қиындықтарға қатысты өз пікірімен бөлісті. «Мен мектептерге барған кезде кездесетін кейбір техникалық қиындықтарды атап өткім келеді: қуаттауға арналған өткізгіштердің болмауы; кейбір сыныптарда планшеттер мен құлаққаптардың жеткіліксіздігі; цифрлық ортаны нақты ұйымдастыру жеткіліксіз», – деп қорытындылады Жаннұр Жарқанбекқызы.

Рисунок1.jpg

Тілдер кафедрасының қауымдастырылған профессоры Динара Алиева мектептердің әдістемелік дайындығына, сондай-ақ осы мектептер педагогтерінің кәсіби дайындығына назар аударды. Оның айтуынша, кейбір сабақтарда нақты құрылымның жоқтығы, бір қызмет түрінен екіншісіне біркелкі ауысу болған жоқ, сонымен қатар кейбір мұғалімдер жобаның мәнін түсінбегендігіне назар аударды. Бұл «Акелиусты» сабақ құрылымына біріктіруде қиындықтар туғызды, сонымен қатар сабақтарда «Акелиус» платформасын шамадан тыс пайдалану байқалды (барлық 40 минут ішінде оқушылар тек планшетпен жұмыс істеді).


Сондай-ақ, Айнұр Жұманқызы өз бақылауларымен бөлісті: «Біз мынадай әдістемелік қиындықтарға тап болдық: жазу дағдысын дамытуға тапсырмалардың жеткіліксіздігі немесе мүлдем болмауы, кейбір мұғалімдердің аралас оқытудың мәнін дұрыс түсінбеуі: балалар «Станцияларды ротациялау» технологиясы бойынша топтарға бөлінген, бірақ бірдей тапсырмалар орындалды».


Тілдер кафедрасының қауымдастырылған профессоры Оксана Бубликова сабақ барысында мұғалімдер тек үздік оқушыларды ғана тартатынын атап өтті; кейбір сабақтарда мақсат аталмады, сондықтан сабақ соңында оқушылардың не мақсатқа жету керек екендігі түсініксіз болды; жаңа тақырыптың алдыңғы тақырыппен байланысы көп жағдайда көрсетілмеді, бұл балалардың оқу материалын қабылдауының фрагменттілігіне ықпал етеді. Оның айтуынша, планшеттерді қолданатын сабақтар негізгі кестеге қосымша ретінде өткізіледі (бұл жоба бойынша талап етілмейді), сондай-ақ сарапшылар келер алдында сабақтың болмау жағдайлары ерекше алаңдаушылық туғызды.


«Мектептерге барған кезде біз сабақтың мотивациялық бөлігінде креативті тәсіл және сабақтың соңында кері байланысты ұйымдастыру сияқты озық тәжірибелердің қолданылуын байқағанымызды айта кету керек, ( оқушылардың жұмысын бағалау кезінде); интерактивті тақтаны белсенді пайдалану, соның ішінде «Акелиуспен» жұмыс (планшеттің болмауы немесе жұмыс істемей қалу жағдайында); сонымен қатар сабақтарда ойын техникасын қолдану ұнады», – дейді Евгений Юрьевич.

Рисунок2.jpg

Зульфия Махсутовнаның пікірінше, үлгілі деп санауға болатын сабақтар болды: сабақтың құрылымы өте нақты құрылды; сабақта сөйлеу әрекетінің барлық түрлері ұсынылды; тапсырмалар арасындағы пропорциялар оңтайлы болды; «Акелиус» сабаққа үйлесімді түрде, дәл өтілген материалды пысықтау құралы ретінде енгізілді; негізгі оқулықты «Акелиус» платформасындағы материалдармен сәтті үйлестіру байқалды.


«Кейбір мектептерде сабақтар жақсы (тіпті үлгілі деуге болады) өтілуі, жоба дұрыс бағытта жүріп жатқанын көрсетеді және мұғалімдердің бағалауы бойынша «Акелиусты» пайдалану ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жасауда айтарлықтай нәтижелі екендігіне назар аударған жөн», деп атап өтті Оксана Васильевна.


Динара Асылханқызы сәтсіз болған сабақтар мұғалімдердің жобаның мәнін жеткіліксіз түсінгендігін көрсетеді деп өз тұжырымымен бөлісті. Осыған байланысты планшет сабақта қандай рөл атқара алатынына және орындауы керек екеніне үнемі назар аудару қажет.


Жаннұр Жарқынбекқызы да өз ойымен бөлісті. «Кейбір мұғалімдер «Акелиусты» негізгі мектеп бағдарламадан бөлек, өздігінен бар бағдарлама ретінде және оны қандай да бір жолмен әдеттегі сабақтар арасында енгізу керек деп қабылдайды. Ал «Акелиус» типтік білім беру бағдарламасына қатысты параллель жол емес. Бұл мемлекеттік бағдарламада қарастырылған лексикалық және грамматикалық тақырыпты пысықтаудың қосымша тәсілі ретінде пайдалануға болатын құрал», – деп қорытындылады Жаннұр Манапбаева.


Сондай-ақ, ХАТУ-дың тіл сарапшылары «Акелиус» платформасымен жұмысты жақсарту бойынша бірнеше ұсыныстар айтты. «Мұғалімдер бір-бірінің сабақтарына қатысуда мүмкіндіктер болмайтындықтан, сабақ кестелерінің қатар келуі және мектептер арасындағы қашықтыққа байланысты үлгілі деген сабақтарды бейнетүсірілім жасау дұрыс болар еді. Бұл жағдайда планшеттерді сабақтарда пайдалануда әлі де қиындықтары бар мұғалімдерге олардың жұмысымен танысу жеңілірек болады», – деп түсіндірді Айнұр Жұманқызы.


ХАТУ-дың тіл сарапшылары мұғалімдерге жоба шеңберінде өткізілетін тренингтерге қатысуды жалғастыру және сабақтарда осы тренингтерде ұсынылатын әдістемелерді қолданудан қорықпау ұсынылатынын, сондай-ақ тренингтерді офлайн режімінде өткізу ұсынылатынын атап өтті, сондай-ақ олар «Акелиус» платформасын әзірлеушілерге редакциялау және қажетті материалдарды мұғалімдердің өзбеттерінше орналастыру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Версия сайта для слабовидящих