ХАТУ сарапшылары Akelius платформасындағы сабақтарға жаңа түсініктемелер берді

2022 жылдың қаңтарында ХАТУ сарапшылары Қазақстанға келген және қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларға арналған Akelius платформасындағы сабақтарға түсініктеме беруді жалғастырды.

Қазақстанның 9 мектебінде Akelius, ЮНИСЕФ және ХАТУ-мен бірлескен жоба жүзеге асырылуда. Орыс тілін білмейтін балалар үшін цифрлық дағдыларын дамытатын және сауаттылық деңгейлерін арттыратын арнайы сабақтар ұйымдастырылды. Пилоттық мектептердің мұғалімдері әртүрлі жастағы оқушылардан тұратын топта сабақ жүргізеді. Балаларға тілді нөлден үйренуге мүмкіндік беріледі, себебі платформада деңгей A.0-ден басталады.

«Пилоттық мектептермен бірлесіп, Akelius платформасында 5-17 жас аралығындағы балаларға арналған орыс тілі курсының А2 деңгейі бойынша түсініктемелер дайындалып, әзірлеушілерге жіберілді. Цифрлық оқыту, аралас оқыту бойынша орталық серіктестер үшін әдістемелік ұсыныстар әзірленді», – деді жоба үйлестірушісі Жаннура Манапбаева.

Рисунок16.png

Платформадағы сабақтарға түсініктеме беру қажет, өйткені материалдарда үндестік қателер, тавтологиялар, лексикалық және сөйлеу қателері кездесіп жатады. ХАТУ сарапшылары бұл қателерді анықтап, курсты жақсартуға көмектеседі.

«Платформадағы кейбір мысалдар сөйлеу нормасы тұрғысынан сәтсіз. Мысалы, «Мы печём мясо» деген сөйлемде қате бар. Печь етістігі пирог, печенье сөздерімен тіркеседі. Хлеб сөзімен выпекать етістігі қолданылса, мясо, курица, картофель, рыба сөздерімен запекать етістігі қолданылуы керек. «Мы кипятим чайник, когда готовим чай» деген тағы бір сөйлемде тавтология бар. «Я чищу зубы около раковины» және «Я мою волосы» деген тіркестерді тиісінше «над раковиной» және «мою голову» деп өзгерту керек. «Полотенца мокрые, им нужно высушиться» деген тіркес те сәтсіз. Дұрысы: их надо высушить. Высушиться етістігі – ауызекі сөз, оны қолданбаған абзал,» – деп түйіндейді ХАТУ сарапшылары.

Түсініктемелерде қателер мен оларды түзету жолдары ғана емес, сонымен қатар мұғалімдерге материалды жақсырақ түсіндіруге көмектесетін кеңестер де бар.

«Какая сегодня дата?» деген сұрақты мұғалім түсіндіріп өтуі керек. Бұл сұрақтан салтанатты іс-шара, ерекше күн туралы ақпарат аңғарылады. Мектептегі сабақтарда келесі сұрақтар жиірек қолданылады: Какой сегодня день? Какое сегодня число?» – деп түсіндіреді ХАТУ сарапшылары.

Платформадағы сабақтарға түсініктеме беру жалғасуда. Жоба 2023 жылдың ақпан айында аяқталады деп күтілуде. Есеп бойынша, осы уақытқа дейін кемінде 250 бала курста оқи алады.

Версия сайта для слабовидящих