Шетелдік балаларға арналған сауат ашу курсы Қазақстанда сынақтан өтті

Қазір 5 пен 17 жас аралығындағы балаларға арналған курс Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы пилоттық мектептерде сынақтан өтуде. Жоба аясында оқытудың басты бағыты сауаттылық пен цифрлық дағдыларға бағытталған.

Қазақстандағы ЮНИСЕФ, «Акелиус» қоры, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (ХАТУ) және бірқатар ҮЕҰ шетелдік балаларға, атап айтқанда Қазақстанға әлеуметтік және саяси ортасы тұрақсыз аймақтардан COVID-19 пандемиясы кезінде немесе одан кейін көшіп келген балаларға арналған орыс тілі курсын пилоттық түрде өткізу бойынша жұмыс жүргізуде.

Шетелдік балалар мектеп бағдарламасы бойынша дайындық деңгейіне қарай құрдастарынан айтарлықтай артта қалып қойған. Кейбіреулерінің мектепке баратын немесе тіл орталықтарында өтетін сабақтарға бару мүмкіндігі жоқ. Олардың оқуды нөлден бастауы үшін арнайы сауат ашу курсы қажет. Жоба ұйымдастырушылары дәл осындай балаларға мектепте оқып, білім алуға, елдегі ресми тілде сөйлесе алуға және кітап оқуға мүмкіндік беруді көздейді.

Осы мақсатта 2021 жылдың қыркүйегінен бастап Қазақстанның тоғыз пилоттық мектебі Akelius платформасында арнайы әзірленген курсты пайдалана отырып, балалардың сауатын ашуға кірісіп кетті. Жобаға үш елордалық мектеп қатысуда, олар: №60 мектеп-лицей, №67 гимназия және №53 мектеп-лицей, үш Алматы мектебі: №152 мектеп-гимназия, С.Көпбаев атындағы №186 мектеп-гимназия және №78 мектеп-гимназия, сонымен қатар Шымкент қаласының үш мектебі: Р.Мырзашев атындағы №76 орта мектеп., М.Жұмабаев атындағы №39 орта мектеп және №50 мектеп-гимназия.

Мектептердің қабырғасында цифрлық зертханалар құрылды, онда оқушылар мен мұғалімдер ЮНИСЕФ-тің қолдауымен планшеттер, зарядтау станциялары, микрофондар, құлаққаптар және басқа да гаджеттермен қамтамасыз етілді.

Мектеп мұғалімдері репатриант-балалардың жас ерекшелігі әртүрлі үш тобымен жұмыс істейді, олар: 5-9 жастағы, 10-14 жастағы, 15-17 жастағы. Деңгейлердің жалпы саны бесеу, олар: A0, A1, A1.1, A2 (негізгі) және B1 (орта). Қазіргі уақытта алғашқы төрт деңгей Akelius платформасында қол жетімді, соңғысы 2022 жылдың ортасында күтілуде.

ХАТУ оқытушылары әртүрлі деңгейдегі сабақтарды әзірлеуге және оларға түсініктеме беруге қатысады. ХАТУ ректоры Асқар Хикметов университет қызметкерлерінің дәл осындай оқу іс-шараларын ұйымдастыру үшін қажетті тәжірибеге ие мамандар екендігін атап өтті.

«ХАТУ Тілдер кафедрасы оқытушыларының тиісті біліктілігі мен жұмыс тәжірибесі, олардың кәсіби білімдері, дағдылары мен жобалармен, халықаралық ұйымдармен, жергілікті мемлекеттік органдармен жұмыс істеу тәжірибесі еліміз үшін маңызды болып табылатын жобаны жүзеге асыруға үлес қосуға мүмкіндік береді», - деді Асқар Хикметов.

Ректор ХАТУ-дың басымдығы қашан да мамандарды сапалы дайындау болып табылатынын атап өтті.

Ол «ХАТУ стратегиялық міндеттерінің бірі – цифрлық дәуірде мамандарды даярлау. Әртүрлі онлайн платформалардағы білім беру қызметі, оқу процесінде ақпараттық технологияларды пайдалану білім берудегі негізгі ұстанымдар болып табылады, бұл университеттің ерекшелігіне байланысты», - деп атап өтті.

Жоба үйлестірушісі, ХАТУ Тілдер кафедрасының меңгерушісі Жаннура Манапбаева университет оқытушылары орыс тілін шет тілі (RFL) ретінде оқыту әдістемесін жақсы білетінін айтты.

«Университетке түскен қандас студенттер (этникалық қазақтар) орыс тілі - ресми іскерлік тіл, сондай-ақ мәдениетаралық тіл қызметін атқаратын Қазақстандағы шынайы өмірге одан әрі табысты ықпалдасу үшін А0, А1-2, В1 деңгейлерінде міндетті сауат ашу курсынан өтеді. Сабақтарды орыс тілін шет тілі ретінде оқытуда үлкен тәжірибесі бар білікті мамандар жүргізеді», - деді ол.

Сондай-ақ ол ХАТУ-дың инклюзивті білім беруді енгізуге арналған «The development of inclusive on-line content for students and teachers from secondary schools on blended learning» грантының иегері және «Инклюзивті қауымдастық: мұнда және қазір» инклюзивті тәжірибе Марафонының қатысушысы екенін атап өтті.

«ХАТУ базасында инклюзивті білім беруге бейімделген оқыту платформасы жұмыс істейді, оның негізінде 12 000 педагог балаларға инклюзивті аралас оқыту бойынша әдістемелік қолдау алады», - деді Жаннура Манапбаева.

Орыс тілі секциясының меңгерушісі Эльмира Еркебекова әзірленіп жатқан курстың қазірдің өзінде дәлелденген тиімділігіне тоқталды. Оның айтуынша, Akelius платформасына тіл курстарын енгізу туралы соңғы деректер цифрлық контент студенттердің тілдік дағдыларын жақсартатынын растайды: тыңдап түсіну дағдысы- 8%, оқу дағдысы - 9%, сөйлеу дағдысы 25% - және жазу дағдысы - тиісінше 34%.

«Ойындары мен жылдам кері байланысы бар курстың интерактивті сипаты оқу процесіне қатысу көрсеткішін арттырады және студенттердің өзара қолдауына ықпал етеді. «Аралас оқытудың» жеке бағдарланған тәсілі оқытудың төменгі деңгейіндегілер үшін тиімді. Оның үстіне, цифрлық тіл курсын сабақта қолдану оқушының сенімін арттырады, сабаққа қатысуын жақсартады және сабақты тастап кету санын азайтады», - дейді Эльмира Еркебекова.

Жоба мүшесі, Тілдер кафедрасының ассистенті Оксана Бубликова гендерлік теңдік құқықтарын қолдайтын елімізде шетелден көшіп келген балалардың арасынан шыққан қыздардың білім алуында ХАТУ-дың маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

«Балаларға арналған оқу материалдары олардың жынысы, жас ерекшеліктері және мигрант-балалардың ерекше қажеттіліктері ескеріле отырып дайындалады. Сыныптағы мұғалімдер балалардың гендерлік ерекшеліктерін ескере отырып, сәйкес коммуникация стратегияларын қолдана отырып, әртүрлі коммуникацияларды қамтамасыз етеді», - деп атап өтті Оксана Бубликова.

Мектеп мұғалімдерінің осы платформамен жұмыс істеу дағдыларын меңгеруі үшін жоба үйлестірушілері тұрақты негізде оларға Akelius платформасын және жоба аясында пилоттық мектептерге сатып алынған жабдықтарды пайдалану бойынша тренингтер өткізеді. Сонымен қатар, пилоттық мектептердің мұғалімдеріне көші-қон процестеріндегі балалармен және қақтығыс аймақтарынан келген балалармен қарым-қатынас жасаудың этикалық қағидалары бойынша тренингтер өткізілуде.

Жоба іске асырылған кезде – 2023 жылдың ақпан айының аяғында –тілдік дайындығының қазіргі жағдайынан бастап орыс тілін ары қарай меңгеріп кете алатын 250 бала осы курсты аяқтайды деп күтіледі.

Версия сайта для слабовидящих