ХАТУ сарапшылары Akelius платформасында сабақтарға түсініктеме бере бастады

2021 жылдың қараша айында Akelius платформасындағы А0 және А1 деңгейлеріндегі сабақтарға түсініктеме беру үшін тіл және әдістемелік сарапшылардың 4 кездесуі өтті. Бұл сабақтар Қазақстанға келген орыс тілін білмейтін балаларға арналған.

Кездесулер 15, 18, 25 және 30 қарашада өтті. Әдістемелік ескертулермен және ұсыныстармен сабақтарды талдау мультимедиялық материалдың сапасын арттыру және техникалық қателерді жою үшін қажет.

Сарапшылар «оно едет на машине», «я лежу рядом со стулом», «кот сидит позади воды» сияқты сәтсіз мысалдарды тауып, әзірлеушілерге мұндай қателерді қалай түзетуге болатынын айтады. Сабақта қолданылған сөздіктің тілдің нақты қолданысына сәйкес келуін де қадағалайды.

«И әрпіне ИГЛУ (үй) мысалы келтірілген. Біздің тілдік қолданыста оқушылардың мұндай баспана түрін кездестіруі екіталай екенін ескерсек, бұл мысалды оқушыларға күнделікті қарым-қатынаста шынымен қажет басқа сөзбен ауыстырған дұрыс, мысалы, ИГРА, ИМЯ, ИГРУШКА, ИГОЛКА», – деп кеңес береді Евгений Медведев.

Сонымен қатар, сарапшылар платформадағы сабақты аралас нысанда өткізуге қажет болар кеңестерімен де бөліседі. Мәселен, ассистент-профессор Оксана Бубликова «Түстерді үйрену» тақырыбына осындай сөйлем жазды.

«Біз интерактивті және аралас оқыту әдісі ретінде сурет сабағын өткізуді ұсынамыз. Әсіресе, саусақпен сурет салу сияқты дәстүрлі емес әдісті қолдану қызықты. Үйдің бөліктерін – шатыр, төбе, қабырға алдын ала дайындалған бояумен бояуға тапсырма беріңіз», – деп кеңес береді Оксана Васильевна.

Рисунок11.png

Уақыт өте келе ХАТУ тіл және әдістемелік сарапшылары Akelius платформасында өтетін барлық деңгейдегі сабақтарды қарап шығады. Сонымен қатар, ХАТУ сарапшылары оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау дескрипторларын және Akelius платформасын пайдалана отырып орыс тілін шет тілі ретінде (ОШТ) оқыту бойынша нұсқаулық әзірлейді.

Версия сайта для слабовидящих