4-6 наурыз және 13-15 наурыз күндері ХАТУ-дың тіл және әдістемелік сарапшылары балалардың сауаттылығын арттыру жобасына қатысқан Алматы қаласының мектептерінде болды. Сарапшылардың мектептерге сапарының негізгі мақсаттары: мектептермен, әкімшілікпен, орыс және ағылшын тілдерінің мұғалімдерімен танысу, Акелиус жобасы бойынша мұғалімдер арасында сауалнама жүргізу (электронды түрде), офлайн әдістемелік/техникалық кеңес беру, онлайн тренингтерді жоспарлау (тақырып, күндер), Акелиус платформасында курсты жетілдіру бойынша жұмыс және т. б. Айта кету керек, сарапшылар Алматы қаласының № 78 мектеп-гимназия, № 152 мектеп-гимназия, № 153 мектеп-гимназия, № 181 мектеп, № 186 мектеп, № 206 мектеп-гимназия, № 210 мектеп-лицейіне баруды жоспарлаған және орындаған. Сабақтарды бақылау және тікелей қарым-қатынас орнату сарапшылар үшін мұғалімдерге арналған тренингтерді ұйымдастыру мен оқушыларды бағалауда әдістемелік нұсқаулық құру бойынша одан әрі жоспар құруға мүмкіндік берді.
«Біз Akelius платформасын көңіл көтеру ретінде ғана емес, зерттелетін материалды игеру үшін көмекші құрал ретінде пайдалануға көңіл бөлдік. Сондай-ақ біз үшін бақыланатын көрсеткіштердің бірі – барлық оқушылардың тілді меңгеру деңгейіне қарамастан процеске қатысуы болды және бұл әртүрлі деңгейдегі немесе әртүрлі жастағы оқушылар арасында күрделілігі бойынша тапсырмаларды тиісті бөлу арқылы жүзеге асырылады», – деп хабарлады ХАТУ Тілдер кафедрасының қауымдастырылған профессоры Оксана Бубликова.
Ф.ғ. к. ассистент-профессор Евгений Медведев Алматы мектептеріне сапары кезінде өз бақылауларымен бөлісті. «Алматы қаласының мұғалімдері маған өз ісінде озық және табысты болып көрінді. Мүмкін, бұл балалар мен мұғалімдердің дайындық деңгейімен, сондай-ақ мектеп кабинеттерінің техникалық жабдықталуына да байланысты шығар. Жұмыстың сәтті болуы жұмыс үдерісіндегі жұмыс жағдайларына тікелей байланысты», - деп атап өтті Евгений Юрьевич.
«Сабақ барысын бақылау кезінде бірқатар әдістемелік қиындықтар бар екенін атап өткім келеді: көбінесе сабақ барысында мұғалімдер тек жеке, әдетте үздік оқушыларды пайдаланады (бірақ бұл ашық сабақтардың ерекшелігі). Кейбір сыныптарда сабақтың нақты құрылымы, бір әрекеттен екіншісіне тегіс ауысу жоқ. Кейбір сыныптарда Акелиус материалдарын қолданудың шығармашылық тәсілі жоқ: балалар тапсырмаларды әртүрлі орындайды, бірақ мұғалім балалардың жауаптарын тексермейді немесе түсініктеме бермейді», – деп атап өтті Оксана Васильевна.
Тілдер кафедрасының қауымдастырылған профессоры Динара Алиева Алматы мектептерінің, әсіресе № 206 мектеп-гимназиясының техникалық жабдықталуына, сондай-ақ осы мектеп педагогтерінің кәсіби даярлығына назар аударды. Оның айтуынша, Алматыда жобаға белсенді қатысатын және әрқашан өз міндеттерін орындауға және нәтижеге қол жеткізуге бағытталған мектептер мен педагогтердің деңгейі өте жоғары.
Жоба үйлестірушісі, PhD, ХАТУ ақ тілдер кафедрасының меңгерушісі Жаннура Манапбаева да мектептердің жабдықталуына қатысты өз пікірімен бөлісті. «Іс жүзінде әрбір мектеп қажетті техникамен жабдықталған, бұл ең алдымен дербес компьютер және өзінің принтері. Көп жағдайда жаңа мектеп-лицейлер мен мектеп-гимназияларда үзіліс кезінде мұғалімдердің демалуы үшін арнайы орындар бар. Пәндік кабинеттер нәтижелі оқу үдерісіне толықтай бейімделіп жабдықталған. Әсіресе, балалармен жұмыс істеу үшін қолайлы жағдайлар жасалған № 210 мектеп-лицейі мен № 206 мектеп-гимназиясын атап өткім келеді», – деп қорытындылады Жаннұр Жарқынбекқызы.
Жоғарыда аталған мектептерге жасаған сапар барысында сарапшылар сабақтарға қатысып қана қоймай, Акелиус жобасы бойынша мұғалімдер мен оқушылар арасында сауалнама жүргізді, сондай-ақ офлайн әдістемелік және техникалық консультациялар өткізді. Жобаны тиімді іске асыру үшін әдістемелік материалдарды ұсынды, сондай-ақ Акелиус платформасында курсты жетілдіру жұмыстары жалғасатынын атап өтті. Сапар соңында тіл мамандары алдағы тренингтердің күндері туралы хабарлады.