ХАТУ оқытушылары Trello Dashboard пайдалану бойынша тренингтен өтті

2021 жылдың 30 қарашасында ХАТУ оқытушылары Trello Dashboard платформасын пайдалану бойынша тренингтен өтті. Тренинг Қазақстанға көшіп келген және орыс тілін білмейтін балалардың сауаттылық деңгейін арттыру мақсатында Акелиус пен ЮНИСЕФ-пен бірлескен жоба аясында өткізілді.

Тренинг барысында «ХАТУ» АҚ Техникалық және АТ қолдау бөлімінің бас маманы Алтынбек Назарбай Trello Dashboard жүйесінде түсініктемелерді қалай қалдыру керектігін көрсетті. Бұл жүйе жобаның барлық қатысушыларына байланыста болуға, белгілі бір тапсырмалардың орындалу барысын бақылауға, ұсыныстар енгізуге, оларды қабылдауға немесе қабылдамауға мүмкіндік береді.

«Бұл жобаларды басқарудың бұлтқа негізделген танымал жүйесі. Trello интерфейсі қарапайым және пайдаланушыға ыңғайлы. Жүйе көп функциялы және оны жеке тапсырмаларды бақылау құралы ретінде де, ірі IT-жоба үшін CRM ретінде де пайдалануға болады», – деп түсіндірді Алтынбек Назарбай.

ХАТУ 2021 жылдың қараша айынан бастап Akelius және UNICEF-пен бірлескен жобаға қатысуда. Бұл бастама қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларды әлеуметтендіруге бағытталған. Жобаға Қазақстанның 9 мектебі қатысады, олардың мұғалімдері Akelius платформасы арқылы аралас оқыту форматында сабақтар жүргізеді.

Рисунок12.png

Платформадағы сабақтарды бас кеңсенің әзірлеушілері даярлайды, олар әр деңгей үшін жаңа сөздердің тізімдерін жасайды. Осы тізімдердің негізінде тақырыптар жасалады, олар әр деңгейдің тараулары арасында бөлінеді. ХАТУ тіл және әдістемелік сарапшылары осы сабақтарға түсініктеме береді, мектеп мұғалімдеріне арналған әдістемелік құралдар мен оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауға арналған дескрипторларды әзірлейді.

Версия сайта для слабовидящих