ХАТУ мамандары оқушыларды ынталандыру әдістерімен бөлісті
2022 жылдың 23 және 29 сәуірінде ХАТУ-дың Тілдер кафедрасының қауымдастырылған профессоры Эльмира Еркебекова және оның әріптесі, ассистент-профессор Евгений Медведев жастары және деңгейлері әртүрлі (5- 14 және 15-17 жастағы) оқушыларды ынталандыру бойынша әдістемелік кеңес өткізді. Олар балалардың жас ерекшеліктерінің тіл үйренуге деген ұмтылысқа қалай әсер ететінін айтып берді.
«Адам дамуының физиологиялық анықталған заңдылықтары бар. Есейіп өсудің әртүрлі кезеңдерінде есте сақтаудың сан алуан түрлері басым болады: бастауыш мектеп жасындағы балаларда механикалық есте сақтау басым болады (мұғалім ақпарат берді, бала оны жай есте сақтайды), жасөспірімдерде логикалық есте сақтау басым болады (жай есте сақтау – жеткіліксіз, есте сақтау үшін бұрыннан бар ақпарат жүйесіне жаңа ақпаратты салу керек, бұрыннан таныс нәрселермен логикалық байланыстарды табу керек», - деп түсіндірді Евгений Юрьевич.
Осыған орай, оның пікірінше, әр түрлі жастағы балалармен жұмыс істеу кезінде тапсырмалардың әртүрлі формалары нәтижелі болады:
- Бастауыш сынып оқушылары үшін ойын түріндегі жұмыстар барынша табиғи жұмыс түрлері (қуыршақ театры әдісі, рөлдік ойындар) болып табылады, ойын барысында балалар қажетті ақпаратты есте сақтайды;
- Жасөспірімдерге өз бетінше жауап іздестіруді көздейтін тапсырмалар (жобалық жұмыс, миға шабуыл) нәтижелі болады.
Сонымен қатар, белгілі бір сәттен бастап жасөспірімдер үшін ең маңызды мәселе - құрдастар арасында белгілі бір орын алу қажеттілігі (ересектермен қарым-қатынас екінші жоспарда қалады). Сондықтан орта жастағы және одан үлкен балалармен жұмыс істегенде олардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауына, оқу-тәрбие мәселелерін шешу барысында топ ішінде құрдастарымен қарым-қатынас орнатуына мүмкіндік беріп, топтық жұмысқа назар аударған жөн.
«Сондай-ақ, біз орыс тілін үйренуші және ана тілінде сөйлейтін, мысалы, кейбір семинарлар немесе үйірмелер аясында оқитын мигрант-балалар арасындағы қарым-қатынас процесін ұйымдастырудың қаншалықты маңызды екендігі туралы айттық. Мұғаліммен сабақта ғана емес, сонымен қатар ана тілінде сөйлейтін адамдармен тікелей тілдесуде өз шеберлігіңізді көрсету мүмкіндігі тілді әрі қарай меңгеру үшін ең маңызды ынталандыру болып табылады», - деп қосты ол.
Біз сондай-ақ оқушылардың ақпаратты қабылдаудың жетекші арнасын (көру, есту немесе тактильді сезім арқылы) ескере отырып, топтағы жұмысты құруға бола ма деген сұраққа тоқталдық және осының негізінде тапсырма нұсқаларын саралауға болады.
Еске салайық, сауат ашу курсы орыс тілін білмейтін 5 пен 17 жас аралығындағы балаларға арналған. Енді Akelius платформасында A0, A1, A1.1, A2 (негізгі) және B0 (орта) деңгейлері қолжетімді. Жобаны жүзеге асырумен Akelius қорынан басқа, ЮНИСЕФ және ХАТУ-дың Тілдер департаментінің кафедрасының мамандары айналысуда.
Қазақстанда жаңа курс арқылы балаларды сауаттылыққа үйрету 2021 жылдың қыркүйегінен бастап тоғыз пилоттық мектепте жүргізілуде. Жоба аяқталғанша (2023 жылдың ақпаны) 250 бала бұл курсты аяқтайды деп күтілуде.