Халықаралық кеңесші Кейт Мелоней ХАТУ-да тренинг өткізді
Халықаралық білім беру саясаты саласының докторанты Кейт Мелоней 2022 жылдың 28-30 наурызы аралығында Akelius қоры, ЮНИСЕФ және Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің бірлескен жобасына қатысатын мектептердің мұғалімдері үшін аралас оқыту бойынша тренинг өткізді.
Кейт Мелоней Мэриленд университетінің Оқыту мен оқуды трансформациялау орталығында зерттеу және бағалау қызметін жүргізеді. Ол цифрлық сауаттылық, жалған ақпараттандыру (дезинформация) синдромы, цифрлық педагогика, онлайн оқыту және цифрлық даму мәселелерін зерттейді. Тренинг барысында ол мұғалімдерді аралас оқыту мен формативті бағалаудың озық тәжірибелерімен таныстырды.
Аралас оқыту – ақпараттық технологиялар мен цифрлық ресурстарды пайдалана отырып, сыныптағы оқытудың дәстүрлі түрлері мен онлайн оқыту элементтерінің үйлесімі. Ол 5 пен 17 жас аралығындағы шетелдік балаларға арналған сауаттылықты арттыру курсы аясында қолданылады. Аталмыш курс Akelius платформасында қолжетімді және ол бес деңгейден тұрады, олар: A0, A1, A1.1, A2 (негізгі) және B1 (аралық). Балалар бұл курсты 2021 жылғы қыркүйек айынан бастап Қазақстанның 9 пилоттық мектебінде оқып жатыр.
Тренинг барысында Кейт Мелоней сыныпты басқару және сабақты жоспарлау туралы айтып өтті, коммуникация стратегияларымен және формативті бағалау әдістерімен бөлісті. Оның презентациясының арқасында педагогтер Блум таксономиясы, теріс айналдырып оқыту (перевернутое обучение), SAMR моделі, әмбебап оқыту дизайны (UDL), технологиялық педагогикалық мазмұнды білім моделі (TPACK, Technological Pedagogical content knowledge) және т.б. әдістердің тәжірибеде қалай қолданылатынын білді. Кейт Мелоней сонымен қатар кері байланыс үшін RISE моделінің не екенін түсіндірді, қалыптастырушы бағалау туралы жиі кездесетін қате түсініктермен таныстырды, зақымдаудың оқу процесіне әсері туралы түсініктеме берді және мұғалімдерге бірқатар кеңестер берді.
Атап айтқанда, пікірталас барысында студенттердің онлайн режиміндегі оқытуды жеке жауапкершілікті болдырмайды, оқшауландырып тастайды және интерактивті емес деп санайтын мәселесі көтерілді. Сондықтан, Кейт Мелоней өз сөзінде онлайн және аралас ортадағы оқыту процесінің зерттеу қауымдастығы (CoI) ретіндегі моделіне ерекше назар аударды. Оның пікірінше, бұл модельдің құрамдас бөліктері - әлеуметтік қатысу, когнитивтік қатысу және мұғалімнің қатысуы.
«Әлеуметтік қатысу – онлайн оқыту процесінің бір аспектісі. Ол ашық қарым-қатынасты, өзін-өзі танытуды және топтық жұмылдырылуды қамтиды. Бұл - онлайн-платформада оқытудың тиімділігі үшін маңызды болып табылатын өзіңізді және онлайн оқытудың басқа қатысушыларын шынайы деп қабылдау қабілеті», - деді Кейт Мелоней.
Қорытындылай келе, спикер әлеуметтік қатысудың маңыздылығын атап өтті, атап айтқанда ол оқу үлгеріміне әсер етеді, көбірек қатысуды қамтамасыз етеді, қауіпсіз және инклюзивті оқыту ортасын құрады, 21 ғасыр дағдылары мен генеративті мәдениетті дамытады.