2022 жылғы 20-25 ақпанда «ХАТУ» АҚ Техникалық қамтамасыз ету және ақпараттық технологияларды қолдау бөлімінің бас маманы Алтынбек Назарбай Берлинге барып, курс әзірлеушілерімен кездесіп, ЮНИСЕФ Қазақстан жобасының бір бөлігі ретінде «The Akelius digital language learning application» тренингіне қатысты.
Тренинг нәтижесінде UNICEF Akelius жобасын дамыту бойынша одан әрі әрекеттер жасауға қажетті білім жинақтап қайтты. Сапар барысында Алтынбек Назарбай Akelius language қосымшасының құрылымы мен мазмұнын, сондай-ақ онлайн және офлайн қолдану жағдайларының айырмашылығын талқылауға қатысты.
«Офлайн қосымшада MeshNet 1.0 технологиясы (p2p технологиясы мен wi-fi direct негізінде) және MeshNet 2.0 (клиент-сервер негізіндегі) және осы технологияларды түсіну қарастырылды», - дейді Алтынбек Назарбай.
Сондай-ақ ол сапар барысында кездесуге қатысушылар планшеттердің жадысын арттырудың түрлі нұсқаларын, соның ішінде медиа-сервер құруды қарастырғанын айтты. Akelius қосымшасында мектеп мұғалімдері үшін мұғалімнің аккаунтын құру мәселелері де шешілді.
«Біз Akelius languages application-дегі Trello board и QR code туралы барлық сұрақтарымызға жауап алдық. Жинақтап қайтқан білімнің барлығы болашақта тәжірибеде және мектеп мұғалімдерімен жүргізілетін тренингтерде қолданылатынына сенімдімін», - деді Алтынбек Назарбай.
«UNICEF Akelius technology meeting» нәтижесінде Алтынбек Назарбай қатысу сертификатына ие болды.