Пилоттық мектеп мұғалімі Akelius жобасына қатысты өз пікірін қалдырды
Орыс тілі пәні мұғалімі Анар Байтабенова репатриант-балалардың цифрлық дағдыларын дамыту және олардың сауаттылық деңгейін арттыруға арналған Akelius, UNICEF және ХАТУ-мен бірлескен жоба аясында астаналық №60 мектеп-лицейде балалармен жұмыс істейді.
Анар Серікқызы өз бейнежазбасында Akelius платформасын қолданатын сабақтардың барысы және жобаның балаларға тигізетін пайдасы жайлы айтып берді.
Бейнематериал: https://youtu.be/3Q7mqVFDHcg
Қазақстанда 2021 жылдың қыркүйегінен бастап 9 пилоттық мектепте «Қазақстандағы бастауыш және орта мектеп деңгейінде олардың интеграциясы және оқу нәтижелерін жақсарту үшін балалардың осал топтары арасында орыс тілін меңгеру деңгейін арттыру бойынша орталық деңгейде техникалық қолдау көрсету» жобасы жүзеге асырылуда.
Жобаны жүзеге асыруға көмекті шведтік Akelius қоры көрсетеді - ол балалар тапсырмаларды орындайтын платформасы мен планшеттерін ұсынады. Жоба 2023 жылдың ақпан айында жүзеге асырылады деп күтілуде. Есеп бойынша, осы уақытқа дейін кемінде 250 бала курста оқып білім ала алады.