Медиакоммуникация және Қазақстан Тарихы
Медиакоммуникация және Қазақстан тарихы кафедрасы электронды БАҚ-та медиаиндустрия мамандары мен журналистерін дайындауда, мультимедиялық технологияларды, конвергенттік платформа жағдайында жұмыс істей алатын жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланатын Қазақстандағы жалғыз кафедра болып саналады.
МИССИЯСЫ
Медиакоммуникация және Қазақстан тарихы кафедрасының миссиясы – кәсіби медиаиндустрияның шығармашылық тұлғасын және сұранысқа ие кәсіби медиаиндустриясын дайындау, болашақта бітірушілердің қоғам мүддесі үшін жұмыс істеуі үшін медиапрактиканы ұғынуға барынша ықпал ету.