Оқушылар арасында информатикадан XVI Еуразиялық олимпиада
16.12.2024

IITU қабырғаларында XVI Евразиялық оқушылар арасындағы информатика олимпиадасының финалдық кезеңі аяқталды. Бұл іс-шараға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстаннан 230-дан астам оқушы қатысты. Орталық Азиядан 77 команданың қатысуы аймақ жастарының ақпараттық технологияларға деген қызығушылығының жоғары екендігін көрсетеді.


Олимпиаданың басты мақсаты – оқушылардың ақпараттық сауаттылығын дамыту, есептеу ғылымдары, компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар салаларындағы талантты жастарды анықтау.


Олимпиада қорытындысы бойынша 21 қатысушы ҚР Білім және ғылым министрлігінің I дәрежелі дипломы мен алтын медалімен, 39 жүлдегер II дәрежелі диплом мен күміс медальмен, ал 54 қатысушы III дәрежелі диплом мен қола медальмен марапатталды.

Description of the image
Версия сайта для слабовидящих