XR DAY: кеңейтілген шынайылық технологиялары
14.05.2026

2026 жылы 21 мамырда Mixed Reality Laboratory ғылыми-зерттеу зертханасы XR DAY білім беру және интерактивті іс-шарасын өткізеді. Іс-шара кеңейтілген шынайылық технологияларына (VR, AR және MR) және gamedev бағытына арналған. XR DAY мақсаты — иммерсивті технологияларды студенттер, оқушылар және талапкерлер арасында танымал ету, сондай-ақ олардың білім беру, ғылым және индустриядағы мүмкіндіктерін көрсету.

Іс-шара бағдарламасы:
• тақырыптық баяндамалар;
• XR жобалардың көрсетілімі;
• VR жабдықтарымен интерактивті аймақтар;
• студенттік және зерттеу жобаларының showcase;
• нетворкинг және Q&A сессиялар.


Күні: 21 мамыр 2026 жыл

Тіркелу: https://forms.office.com/r/wH0TEYSq1K

Версия сайта для слабовидящих