2026 жылғы 1 сәуірде Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні аясында IITU университетінде студенттерге арналған танымдық-ақпараттық кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты — жастар арасында туберкулез ауруы туралы ақпараттандыру деңгейін арттыру, оның алдын алу жолдарын түсіндіру және салауатты өмір салтын насихаттау.
Кездесуді Ельшибаев Азиз Бахитжанұлы жүргізіп, қатысушыларға туберкулездің пайда болу себептері, жұғу жолдары, негізгі белгілері, сондай-ақ заманауи диагностика және емдеу тәсілдері туралы жан-жақты мәлімет берді. Сонымен қатар, уақтылы медициналық тексеруден өтудің маңыздылығы атап өтілді.
Іс-шара барысында студенттер белсенділік танытып, өз сұрақтарын қойып, толық жауаптар алды.
Мұндай кездесулер жастардың денсаулыққа деген жауапкершілігін арттырып, әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын алуға ықпал етеді.
IITU университеті алдағы уақытта да студенттердің денсаулығын нығайтуға бағытталған іс-шараларды өткізуді жалғастырады.


