«ХАТУ» АҚ «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» кафедрасының оқытушылары Бахтиярова Е.А., Айтмағамбетов А.З. және Қожахметова Б.А. Қазақстан Республикасы делегациясының құрамында Халықаралық электробайланыс одағының (ITU) 2025 жылғы Электробайланысты дамыту жөніндегі дүниежүзілік конференциясына (WTDC-2025) қатысты. Конференция 17–28 қараша аралығында Әзірбайжан Республикасы, Баку қаласында өтуде.
Іс-шараға қатысу ITU аясындағы электробайланысты жаһандық дамыту мәселелерін талқылауға, тақырыптық сессиялар мен жұмыс топтарына қатысуға, шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасуға, сондай-ақ инфокоммуникация саласының өзекті бағыттарын талқылауға мүмкіндік берді.
«Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» АҚ — Халықаралық электробайланыс одағының (ITU) толыққанды мүшесі.
ITU-ға мүшелік университетке халықаралық стандарттарға, сараптамалық қауымдастықтарға, кәсіби алаңдарға қол жеткізуге мүмкіншілік береді, сондай-ақ ғылыми-зерттеу қызметін дамытуға және халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал етеді.


