Компьютерлік технологиялар және киберқауіпсіздік факультетінде «IT саласындағы нәзік жандылар: мүмкіндіктер, даму және перспективалар» тақырыбында кездесу өтті.
Іс-шараның мақсаты — студенттер арасында IT мамандықтарын дәріптеу, технологиялар саласындағы әйелдер қауымының кәсіби дамуын қолдау және заманауи цифрлық бағыттарға деген қызығушылықты қалыптастыру.
Іс-шара спикерлері ретінде банк саласында, инвестицияларда және Andersen Lab халықаралық IT-компаниясында жұмыс тәжірибесі бар шақырылған бизнес және жүйелік аналитик – Сая Едігенова, сондай-ақ «Компьютерлік инженерия» кафедрасының меңгерушісі Толғанай Чинибаева сөз сөйледі.
Кездесу аясында қатысушылар IT-индустрияның заманауи бағыттарымен, халықаралық IT-командалар жұмысының ерекшеліктерімен және бизнес немесе жүйелік аналитик мансабына қажетті негізгі дағдылармен танысты. Спикерлер IT-жобаларды іске асырудағы практикалық тәжірибелерімен бөлісіп, кәсіби даму, мансаптық мүмкіндіктер және технологиялық саладағы әйелдердің рөлі туралы айтып берді.
Іс-шара ашық диалог форматында өтті. Мұнда студенттер IT саласы туралы көбірек біліп, өздерін қызықтыратын сұрақтарын қоя мүмкіндігіне ие болып, спикерлерден кәсіби даму және мансап құру бойынша пайдалы кеңестер алды.




