Технологиялар әлемінде өз жолыңызды қалай бастау керек, қандай дағдыларға сұраныс жоғары және ауқымды финтех-жобаларды қалай басқаруға болады?
IITU студенттерін ашық кездесуге шақырамыз! Бұл жиында біз қыздардың IT саласындағы мансап жолын талқылап, индустриядағы нақты кейстерді талдаймыз және пайдалы инсайттармен бөлісеміз.
🎤 Біздің сарапшылар:
▪️ Сая Едігенова — банкинг және инвестиция саласында тәжірибесі бар бизнес-аналитик. Халықаралық IT-компаниядағы жұмыс тәжірибесі және жобаларды Discovery кезеңінен бастап толық енгізуге дейін басқару бағытында үлкен жолдан өткен маман.
▪️ Толғанай Чинибаева — PhD, «Компьютерлік инженерия» кафедрасының меңгерушісі.
Кездесу әзірлеу, аналитика немесе IT-өнімдерді басқару саласында мансап құруды жоспарлап жүрген барлық студенттер үшін өте пайдалы болмақ. Сұрақтарыңызды дайындап келіңіздер!
🗓 Күні: 12 мамыр
⏰ Уақыты: 12:10
📍 Өтетін орны: 907-аудитория
Мықты мотивация алып, ірі жобалардағы мансаптың қалай құрылатынын білу мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар. Сіздерді күтеміз!