7 мамыр — Отан қорғаушылар күні қарсаңында және Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай университетте «Отан деп соққан жүректер» атты іс-шара өтті. Аталған концерттің басты мақсаты — студенттердің бойында патриоттық рухты ояту, тарихи сананы қалыптастыру және елге деген сүйіспеншілікті арттыру.
Іс-шара барысында батырлардың ерлігі дәріптеліп, тарихтың маңызды беттері еске алынды. Көрермендерге әсерлі музыкалық және шығармашылық қойылымдар ұсынылып, майдан даласында ерлік көрсеткен батырларымыздың рухына тағзым жасалды.
Бұл күн — өткенге құрмет көрсетіп, болашаққа сеніммен қараудың айқын көрінісі. Біз бейбіт өмір үшін күрескен ардагерлердің ерлігін ешқашан ұмытпаймыз және оларға әрдайым алғыс білдіреміз. Олардың батылдығы мен ержүректілігі — кейінгі ұрпаққа үлгі.




