2025 жылдың 27 наурызында Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде VI Халықаралық студенттік ғылыми-практикалық конференция «Youth Digital Forum» (YDF-2025) өтеді!
Конференцияның мақсаты — жас буынның ғылыми әлеуетін арттыру. Шара барысында заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды әртүрлі салаларда қолданудың жетістіктері мен жаңалықтары талқыланатын болады.
Қатысуға шақырамыз: барлық жоғары оқу орындарының студенттері, магистранттары мен докторанттары!
📝 Қатысу үшін 2025 жылдың 7 наурызына дейін келесі құжаттарды ұйымдастыру комитетіне жіберу керек:
1️⃣ Конференцияға қатысуға өтініш
2️⃣ Жариялауға арналған мақала (3-5 бет)
3️⃣ Ғылыми жетекшінің ұсыныс хаты
Барлық материалдар мен үлгілер конференцияның ресми сайтында орналастырылған.
Тіркеу жарнасы:
- ХАТУ студенттері үшін — тегін
- Басқа жоғары оқу орындарының студенттері үшін — 4000 тг
Төлем мақаланың қабылданғаны туралы растау алғаннан кейін жүзеге асырылады.
📅 Өтетін күні: 2025 жылдың 27 наурызы
📍 Өтетін орны: 907 аудитория және Zoom платформасы
Осы маңызды іс-шараның бір бөлігі болуға асығыңыз, ғылыми зерттеулеріңіз бен идеяларыңызды ортаға салыңыз! Өзіңіздің мүмкіндіктеріңізді кеңейтіңіз!