Стипендия сіз ойлағаннан да жақын!
Құрметті студенттер! 2025–2026 оқу жылына арналған БОС ГРАНТТАР саны туралы қуана хабарлаймыз. Аталған гранттар әртүрлі білім беру бағдарламалары топтары бойынша ақылы негізде оқитын білім алушыларға байқау нәтижелері бойынша тағайындалады.
Егер сіз оқу үлгеріміңізбен жақсы нәтижелер көрсетіп жүрсеңіз, байқауға қатысып, грант жеңіп алу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз! Әр студент өз бағын сынап көре алады.
Бос гранттарды тағайындау қағидаларының толық тәртібі біздің сайтта жарияланған, ал қатысуға өтініштер факультетіңіздің деканаты арқылы қабылданады.
Сіздерге сәттілік пен табыс тілейміз!