ХАТУ-да ЮНИСЕФ қолдауымен зерттеу орталығы ашылды
23.12.2024

ЮНИСЕФ-тің қаржылай және техникалық қолдауымен, “Миграциялық процестердегі балалар мен білімді қалпына келтіру бағдарламаларына мұқтаж балалардың тілдік дағдыларын жақсарту және оқу үлгерімін арттыру бойынша әдістемелік қолдау” жобасы аясында ХАТУ-да Аралас оқытуды зерттеу орталығы ашылды.


Орталықтың мақсаттары:
• Қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларға көмектесетін инновациялық білім беру әдістерін енгізу.
• Дәстүрлі және цифрлық оқыту форматтарын біріктіретін шешімдерді әзірлеу.
ЮНИСЕФ Қазақстан орталығына жабдықты тегін ұсынғаны үшін алғысымызды білдіреміз!


Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қосқан үлесі:
• ТДМ 4: Сапалы білім – барлық адамдар үшін инклюзивті білім беру мүмкіндіктерін жасау.
• ТДМ 10: Теңсіздікті азайту – осал топтар үшін білімге қолжетімділікті қолдау.
• ТДМ 17: Тұрақты даму мүддесіндегі серіктестік – жаһандық мақсаттарға қол жеткізу үшін халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық.


Бұл орталық қолжетімді әрі сапалы білім беру жолындағы маңызды қадам болады деп сенеміз!

Description of the image
Версия сайта для слабовидящих