Кенжегали Сағадиев атындағы Халықаралық Бизнес Университеті (UIB) мен Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (IITU) бірлескен "Жасанды интеллект" білім беру бағдарламасы аясында "Оқу материалдарын әзірлеуде ЖИ қолдану" тақырыбында семинар-дискуссия форматында іс-шара өткізді.
Шақырылған спикер – UIB университетінің СГН кафедрасының аға оқытушысы, Сапа қамтамасыз ету орталығының жетекшісі Кабдесов Кенжехан Талғатұлы болды.
Ол қатысушылармен оқу курстарын тиімді құрастыру үшін ЖИ құралдарын қолдану тәжірибесімен бөлісті, сондай-ақ Халықаралық қатынастар бағыты бойынша силлабустарды, тапсырмаларды және бағалау жүйелерін әзірлеуде ЖИ қолдану мысалдарын келтірді.
Оқытушылар ЖИ құралдарын нақты уақытта тәжірибе жүзінде қолдануға белсенді қатысып, өз дағдыларын бекіте түсті.
Қатысушылар ChatGPT-ті оқу үдерісінде қолдану бойынша өз кейстерімен бөлісті. Студенттерге ЖИ-ді саналы түрде қолдануға кеңестер берілді – яғни, сыни ойлау, ақпаратты өңдеу, деректерді тексеру қабілеттерін жоғалтпай, бұл құралдарды шығармашылықпен пайдалану қажет екені айтылды.
Мәселе ретінде студенттердің (СРС, есептер, эсселер, жобалар және т.б.) орындалған жұмыстарын тексеру үшін ЖИ негізінде автоматтандырылған жүйелерді енгізу қажеттілігі атап өтілді.
Қатысушылар семинардың қызықты әрі пайдалы өткенін айтып, білім беру саласында ЖИ бойынша осындай іс-шаралардың жалғасын табуын қолдады.
