Кене энцефалитінің алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізілді
24.04.2026

2026 жылғы 24 сәуірде кене энцефалитінің алдын алу мақсатында IITU әскери кафедрасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізілді.


Іс-шараның мақсаты – студенттер мен курсанттар арасында кене энцефалиті туралы ақпараттандыру деңгейін арттыру, аурудың жұғу жолдары мен негізгі белгілерін түсіндіру, сондай-ақ алдын алу шараларының маңыздылығын жеткізу болды.


Іс-шара барысында жалпы тәжірибелік дәрігер Мынжасарова Молдир Абайқызы кене энцефалитінің этиологиясы, таралу жолдары, клиникалық белгілері және профилактикалық шаралар туралы жан-жақты ақпарат берді.


Сонымен қатар медициналық қызметкер Рузубакиева Гүлмира Рахимовна күнделікті өмірде және табиғат аясында сақтық шараларын сақтау, кене шағуынан қорғану тәсілдері және алғашқы медициналық көмек көрсету тәртібі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.


Іс-шара барысында қатысушылар белсенділік танытып, өз сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптар алды.


Қорытындысында мамандар мұндай ақпараттық-түсіндіру жұмыстары әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын алуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

IMG_5519.jpg

IMG_5508.jpg

IMG_5518.jpg

IMG_5496.jpg

Версия сайта для слабовидящих