Үш білім беру бағдарламасы CAAAE тарапынан аккредиттеуден өтті
22.04.2026

Университеттің үш білім беру бағдарламасы Орталық Азия білім беруді аккредиттеу қауымдастығында (CAAAE) сәтті бағдарламалық аккредиттеуден өтті:

  • 7M06114 «Жасанды интеллект»
  • 6B06121 «Математикалық және компьютерлік модельдеу»
  • 7M04102 «IT саласындағы EMBA іскерлік әкімшілендіру»


Аккредиттеу нәтижесінде бағдарламалардың халықаралық сапа стандарттарына сәйкестігі, өзектілігі және тәжірибелік бағыттылығы расталды.


Бұл жетістік мамандар даярлаудың жоғары деңгейін көрсетіп, университеттің білім беру кеңістігіндегі позициясын нығайтады.

Версия сайта для слабовидящих