RoboTek-ке қош келдің!
Инженерия, 3D модельдеу немесе робототехника әлеміне енуге дайынсың ба? RoboTek – бұл сенің идеяларыңды нақты жобаларға айналдыратын, білімді тәжірибелік шешімдерге ұштастыратын орын.
Саған не ұсынамыз?
- Практикалық сабақтар: роботтарды, дрондарды және IoT құрылғыларын жасау және бағдарламалау (Arduino IDE, STM32, Autodesk Inventor, Altium Designer және басқа құралдармен жұмыс істеу)
- Командалық жобалар: бірлесе отырып сызбалар, 3D модельдер (Blender, Maya, ZBrush) және инженерлік схемалар дайындау
- Оқу жобаларына қолдау: дипломдық және курстық жобаларды жасауға көмектесу
- Тегін оқыту: инженерия және робототехника саласының сарапшыларымен тегін курстар мен тренингтер
- Жаңа орта: қолдау көрсететін топ және болашақ мансапқа пайдалы байланыстар
Кім қатыса алады?
- ХАТУ студенттері (курс пен бағыт маңызды емес), егер сен:
- Инженерия, модельдеу немесе робототехникаға қызығушылық танытсаң
- Нақты құрылғылар мен жобалар жасауды үйренгің келсе
- Чемпионаттарға, байқауларға және көрмелерге қатысып, дағдыларыңды дамытуды армандасаң
Қалай қосылуға болады? Telegram: Отбор RoboteK Instagram: @robotek.iitu
RoboTek-ке қосылып, болашағыңды бүгіннен баста! Біз сені күтеміз!