Өзіңді сынап көр! CTF-ке қатысып, жеңімпаз атан!
28.11.2024

Жуырда шынайы киберсайыс!

ITFest фестивалінің аясында IITU Club CTF ұйымдастырған «Киберқауіпсіздік» секциясына арналған ерекше CTF (Capture The Flag) жарысына қатысуға шақырамыз.


Бәсеке Jeopardy форматында өтеді, қатысушылар 6 санат бойынша тапсырмаларды орындайды. Біз жарысты бастапқы деңгейдегі мамандарға бағыттағандықтан, бірінші және екінші курс студенттері, сондай-ақ мектеп оқушылары өз қабілеттерін сынап, киберқауіпсіздік саласындағы шеберліктерін тексере алады.


Күні: 6 желтоқсан, 16:00 (Астана уақыты бойынша).
Өткізілу форматы: онлайн, өз экраныңызда.
Ұзақтығы: 6 сағат.
Бас жүлде —250 000 теңге!


Өз біліміңді көрсетіп, бас жүлдеге талас! Біз сендерді қатысушылар қатарында күтеміз.

Тіркелу басталды! Толық ақпаратты сайттағы сілтеме арқылы ала аласыздар.


Казахтелекомға және Қазақстанның ақпараттық қауіпсіздік қауымдастығына зор алғысымызды білдіреміз.

Description of the image
Версия сайта для слабовидящих