Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде Қытай Халық Республикасынан келген Солтүстік-Батыс политехникалық университетінің студенттеріне арналған Жазғы мектеп өз жұмысын бастады. Бұл жарқын мәдени-ағартушылық іс-шара екі жоғары оқу орны арасындағы достық көпіріне айналып, Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға өз үлесін қосуда.
Жазғы мектеп бағдарламасына IITU-дың жетекші профессорлары мен ғалымдарының жасанды интеллект, машиналық оқыту, 3D-дизайн және VR тақырыптары бойынша дәрістері мен шеберлік сабақтары, практикалық сабақтар мен кейстер, жобалық жұмыс кіреді.
Сондай-ақ, Қытайдан келген қонақтар қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрлерімен танысып, Алматы қаласының тарихи және мәдени орындарына экскурсия жасап, тимбилдингке қатысып, IITU студенттерімен еркін қарым-қатынас орната алады.