Summer School on Artificial Intelligence
13.06.2024

"Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті" АҚ "University Alliance of Science and Technology" ЖОО альянсымен бірлесіп, "NNEF" қоғамдық қорының қолдауымен жасанды интеллект бойынша жазғы мектеп өткізеді.


Жазғы мектеп 2024 жылғы 20-27 маусым аралығында Алматы қаласында өтеді. Өткізу форматы - оффлайн.


Жазғы мектептің негізгі бағыттары:

1-Трек: «AI Essentials» - жалпы ai мәселелері, тарихы мен дамуы, негізгі тұжырымдамалары мен тәсілдері.

2-Трек: «Cognitive technologies» - когнитивтік психологияның негіздері, Когнитивтік технологиялар мен есептеулердің АИ дамуындағы рөлі, адам ойлауын модельдеу, АИ-де когнитивтік модельдерді қолдану.

3-Трек: «Natural Language» - табиғи тілді өңдеу, контекстік талдау, сөйлеуді генерациялау және тану, сөйлеуді өңдеу.

4-Трек: «AI in Education and Science» - білім беру қызметінде AI пайдалану, ai көмегімен ғылыми зерттеулердің өнімділігін арттыру, ғылым мен білім беруде AI қолдану кезіндегі жауапкершілік пен тәуекел мәселелері.

5-Трек: «Blockchain» - Blockchain технологиясы, AI көмегімен ақылды келісімшарттарды басқару, blockchain негізіндегі автономды агенттерді әзірлеу, blockchain транзакцияларындағы алаяқтық пен ауытқуларды анықтау, ai және blockchain интеграциясының экономика мен бизнеске әсері.


Жазғы мектеп аясында 2024 жылғы 20 маусымда "AI: инновациялар, трансформация және болжамдар" атты дөңгелек үстел ұйымдастырылады. Жасанды интеллект саласындағы жетекші мамандар білім беру саласында ЖИ дамыту және пайдалану перспективаларын талқылайды. Іс-шара қазіргі заманғы еңбек нарығы үшін ЖИ мамандарын даярлау мәселелерінде тәжірибе мен идеялармен алмасу алаңына айналады. Өткізу форматы аралас.

Версия сайта для слабовидящих