IITU студенттері мен қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясы аясында өткен экологиялық сенбілікке қатысты
24.11.2025

Тұңғыш Президент саябағында Бостандық ауданы әкімдігі ұйымдастырған «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында кең ауқымды экологиялық сенбілік өтті. Іс-шараға Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің студенттері мен қызметкерлері белсенді қатысты.

Сенбілік барысында қатысушылар саябақ аумағын тұрмыстық қоқыстардан тазартып, жасыл желектің күтіміне атсалысты және қоғамдық кеңістікті абаттандыруға үлес қосты. Сонымен қатар ауданның еріктілері мен жастар ұйымдары да бастаманы қолдап, ортақ іске жұмылды.

Университет өкілдері мұндай экологиялық іс-шаралардың жастардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және қоғамдағы белсенді азаматтық ұстанымды дамытуға зор ықпал ететінін атап өтті.

«Таза Қазақстан» республикалық акциясының басты мақсаты – елдімекендердің санитарлық жағдайын жақсарту, экологиялық мәдениетті нығайту және табиғатты қорғау ісіне халықтың қатысуын кеңейту.

IMG_1033 (1).JPG

IMG_1023 (1).JPG

IMG_0994 (1).JPG

IMG_0988 (1).JPG

Версия сайта для слабовидящих