4 сәуір 2026 жыл – IITU ұжымы мен студенттері экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында ауқымды сенбілік өткізді.
Іс-шараның басты мақсаты - қоршаған ортаны қорғауға үлес қосу, қала тазалығын сақтау және жастар арасында экологиялық жауапкершілікті насихаттау. Сенбілікке университеттің 200-ден астам белсенді студенті, оқытушылар құрамы мен әкімшілік қызметкерлері қатысты.
Акция барысында келесі жұмыстар атқарылды:
- Университет айналасы мен іргелес жатқан аумақтар қоқыстан тазартылды;
- Жасыл желектер күтімі жасалып, ағаштар әктелді;
- Студенттік ұйымдар арасында «Ең таза аймақ» атты кішігірім эко-челлендж ұйымдастырылды.
IITU ұжымы бұл бастаманы тұрақты түрде қолдап, экологиялық акцияларды алдағы уақытта да жалғастыруды жоспарлап отыр.





