Студент этикасы: адалдық, жауапкершілік, әділдік
12.05.2026

Бизнес, медиа және басқару факультетінде «Заң және тәртіп» идеологемасын жүзеге асыру аясында «Студент этикасы: адалдық, жауапкершілік, әділдік» тақырыбында лекция өтті. Лекцияны «ИС» кафедрасының оқытушысы Жакыпбеков С.Ж. жүргізді.


Іс-шара барысында академиялық адалдық, студенттердің тәртіп мәдениеті және білім беру үдерісіндегі әрбір білім алушының жауапкершілікті талап ететін мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, университеттің ішкі тәртіп ережелерін сақтау, студенттердің мінез-құлық нормалары, оқытушылар мен білім алушыларға құрметпен қарау, әділдік пен адалдық қағидаларын ұстану мәселелеріне ерекше назар аударылды.


Оқытушы студенттерге оқу орнындағы тәртіпті сақтау, өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарау және жоғары адамгершілік пен этикалық құндылықтарды ұстанудың маңыздылығын атап өтті.


Дәріс соңында Жакыпбеков С.Ж. адалдық, жауапкершілік және этикалық қағидаларды сақтау —болашақ мамандардың кәсіби қалыптасуындағы маңызды құндылықтардың бірі екенін айтты.

DSC01761.jpg

DSC01766.jpg

DSC01768.jpg

DSC01779.jpg

DSC01787.jpg

DSC01794.jpg

Версия сайта для слабовидящих