4 желтоқсан күні университетімізде қызметкерлерге арналған «UNAI Day: Тұрақты даму мақсаттарын университет қызметіне интеграциялау» атты ішкіуниверситеттік іс-шара өтті. Іс-шараны Global Education департаменті, жаңадан құрылған Тұрақты даму мақсаттарын интеграциялау орталығы және Халықаралық ынтымақтастық департаменті бірігіп ұйымдастырды. Бұл шараға университеттің барлық бөлімшелерінен 50-ге жуық қызметкер қатысып, тұрақты даму аспектілері мен университет алдында тұрған міндеттерді талқылады.
Іс-шара аясында Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) талқыланды. ТДМ — өмір сапасын жақсартуға және планетамызды сақтауға бағытталған жаһандық бағдар. Сонымен қатар, ТДМ-ды барлық бөлімшелер жұмысына енгізу жолдары мен университеттің басқару деңгейлерінде ТДМ-ды жүйелі интеграциялау арқылы дамудың жаңа мүмкіндіктері қарастырылды.
Іс-шара барысында университет қызметіне ТДМ-ды енгізудің қазіргі жағдайы зерттеліп, нәтижелер талданды. Академиялық және әкімшілік бөлімшелерден кері байланыс алынды. Бұл деректер ТДМ-ды университет жұмысына тиімді интеграциялау стратегияларын әзірлеуге негіз болады.
Іс-шараға белсенді қатысып, өз идеяларымен бөліскен барлық қызметкерлерге алғысымызды білдіреміз! Бірлесе отырып, біз әлемді жақсырақ ете аламыз.