10 сәуірде ХАТУ-да «IT Genius» студенттік ғылыми-инновациялық жобалар байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты ‒ студенттерге ЖИ (жасанды интеллект) және цифрлық технологиялар бойынша нақты жобаларда өздерін сынап көруге мүмкіндік беру: АЖ (ақпараттық жүйелер) әзірлеу мен бағдарламалаудан бастап AI-өнімдерін, стартап-идеялар мен медиажобаларды құруға дейін, өз идеяларын іс жүзінде жүзеге асыруға, ЖИ-мен жұмыс істеу дағдыларын шыңдауға және адамдарға, бизнеске әрі университет үшін пайдалы болуы мүмкін шешімдерді жасауға мүмкіндік беру.
Байқау комиссиясының жұмысы екі секция бойынша ұйымдастырылып, оның аясында 8 жоба қаралды. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.
«Инженерлік-технологиялық жобалар» секциясы 1 орын - Муса Эльишмави Бейбарс, Темержан Қуат (500 000 теңгелік сертификат) 2 орын - Арманова Қарақат, Төребаева Нұрлы (300 000 теңгелік сертификат) 3 орын – Салхадинов Алдияр, Манапов Самат, Сепбосынов Тамерлан (200 000 теңгелік сертификат)
«Кәсіпкерлік және медиажобалар» секциясы 1 орын - Тохтар Данияр (500 000 теңгелік сертификат) 2 орын - Жайылбек Айсұлу, Исенғали Аман (300 000 теңгелік сертификат) 3 орын – Шыныбек Ілияс, Аман Нұрай, Дәулетярова Әсем (100 000 теңгелік сертификат)
Алғыс хаттар және Университеттен сыйлық Эм Екатерина, Тілемісов Мейіржан, Ахан Назар (50 000 теңгелік сертификат) Сатторов Абдуллоджон, Еркебай Шерхан, Әбдіқұл Дастан, Ерболатұлы Әділет (50 000 теңгелік сертификат)
БАРЛЫҚ ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
ҒЫЛЫМИ КАДРЛАРДЫ ДАЯРЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ









