Болашақ IT мамандарына ерекше мүмкіндік!
29 қараша күні Netcracker компаниясы телекоммуникация саласындағы жетекші IT шешімдерін таныстырып, тағылымдама мен мансаптық өсу мүмкіндіктерін ұсынды.
Кездесуде негізгі трендтер талқыланды:
• Деректермен жұмыс (көшіру, аналитика, машиналық оқыту)
• UX/UI дизайн
• Backend және DevOps әзірлеу
• Мобильді қосымшалар жасау
• Бизнес-процестерді талдау
• Frontend әзірлеу және тестілеу
• Тестілеуді автоматтандыру және қауіпсіздік
Компания мамандары IT мансабында жетістікке жетудің құпияларымен бөлісіп, үздіксіз кәсіби өсу мен дамудың маңыздылығын атап өтті.
Қатысушыларға тағылымдамаға тіркелу және IT саласында даму үшін ұйымдастырылған оқыту бағдарламалары туралы ақпарат алу мүмкіндігі берілді.
