«ЖОО-ның үздік оқытушысы – 2025» атағын беру жөніндегі конкурстың университетішілік кезеңінің қорытындылары
18.11.2025

АО «Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде» университет атынан «ЖОО-ның үздік оқытушысы – 2025» атағын беру республикалық кезеңіне қатысу үшін үміткерлердің конкурстық құжаттарын қарастыру бойынша конкурстық комиссияның отырысы және Ғылыми кеңестің кезектен тыс отырысы өтті.

Үміткерлер Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпараттық жүйесінде (https://universitycontest2025.iac.kz/) «ЖОО-ның үздік оқытушысы» конкурсына қатысуға арналған сауалнамаларды толтырды. Конкурстың алғашқы кезеңіне барлығы 9 (тоғыз) үміткер қатысты, олардың біреуі апелляцияға өтініш берді. Сауалнамалардағы мәліметтер және сараптамалық әрі апелляциялық топтардың бағалауы негізінде үміткерлерге баллдар берілді.

Конкурстық комиссияның қорытындысы бойынша «Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» АҚ Ғылыми кеңесі «ЖОО-ның үздік оқытушысы – 2025» конкурсының екінші республикалық кезеңіне қатысу үшін келесі үміткерлерді ұсынады:

Ғылыми-педагогикалық өтілі 15 жылдан жоғары:
• Сансызбай Қанибек Мұратбекұлы – PhD, «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» кафедрасының зерттеуші-профессоры
• Бахтиярова Елена Ажибековна – техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» кафедрасының меңгерушісі
• Айтмагамбетов Алтай Зуфарович – техника ғылымдарының кандидаты, «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» кафедрасының қауымдастырылған профессоры

Өтілі 15 жылдан төмен:
• Қожахметова Багдат Абдурашидовна – «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» кафедрасының ассистент-профессоры
• Әйтім Әйгерім Қайратқызы – PhD, «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының ассистент-профессоры

Конкурстық комиссияның хаттамасы

Версия сайта для слабовидящих