2024 жылдың 26 қарашасында IITU-де Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесіне арналған ашық пікірталас өтті. Бұл іс-шара Тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі департаменті мен «IITU Debate Club» студенттік клубының ұйымдастыруымен жүзеге асты. Пікірталасқа университет студенттерімен қатар қоғамдық ұйымдардың өкілдері де қатысып, маңызды тақырып төңірегінде өз пікірлерін білдірді.
Пікірталастың негізгі тақырыбы – «Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған азаматтарды марапаттаудың дифференциалды жүйесі: дұрыс па, жоқ па?» болды. Дебат барысында заңмен бекітілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әдістерінен бөлек, азаматтық қоғамның рөлі, оның ішінде БАҚ-тың ықпалы. Сондай-ақ мемлекеттік шығындардың ашықтығын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктерді құру және жергілікті билік органдарындағы профилактикалық шаралары да қарастырылды.
Пікірталас аяқталған соң, қазылар алқасы нәтижелерді талқылап, үкімет жақтастарының жеңіске жеткенін бірауыздан мәлімдеді.
Бұл дебаттық турнир сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты тереңірек зерттеп, құқық бұзушылықтарды азайтуға бағытталған нақты ұсыныстар жасауға мүмкіндік берді.