Студенттер мен магистранттарға арналған 2026 жылғы Республикалық ҒЗЖК конкурсы! Ғылыми жетістіктеріңізді паш ететін уақыт келді!
ХАТУ студенттері мен магистранттарын 2026 жылдың 12 қаңтары мен 21 ақпаны аралығында өтетін студенттердің (ҒЗЖК) және магистранттардың (МҒЗЖ) республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсының жоғары оқу орныішілік кезеңіне қатысуға шақырамыз.
Конкурс аясында жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдар саласындағы өзекті әрі басым бағыттар бойынша өзіңіз дербес орындаған ғылыми-зерттеу жұмыстарыңыз ұсынылады.
Қатысуға өтініштерді қабылдау ҒЗЖК сайтында жүзеге асырылады: https://nir.iitu.edu.kz/
Қатысу мәселелері бойынша Ғылыми кадрларды даярлау департаментіне және шығарушы кафедраларға хабарласуға болады.
Сәттілік тілейміз және сіздерден белсенділік күтеміз!