Өздеріңіздің ғылыми жетістіктеріңізбен бөлісуге уақыт келді!
ХАТУ студенттері мен магистранттары, Сіздерді 2025 жылдың 6 қаңтарынан 14 ақпаны аралығында өтетін Республикалық студенттер (СҒЗЖ) мен магистранттардың (МҒЗЖ) ғылыми-зерттеу жұмыстар конкурсының университетішілік кезеңіне қатысуға шақырамыз.
Конкурс барысында сіздердің табиғи, техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдардың өзекті бағыттары бойынша орындаған ғылыми-зерттеу жұмыстарыңыз қарастырылады.
Егер сіздерде қатысу бойынша қандай да бір сұрақтар туындаса, ғылыми кадрлар дайындау департаментіне немесе тиісті кафедраларға жүгінуіңізді сұраймыз.
Сіздерді белсенді қатысуға шақырамыз және ғылыми жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз!
