Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (IITU) «Қазақстан халқына» қоры бағдарламасы аясында 5 грантқа өтінім қабылдайды.
Грант нені қамтиды:
1️⃣ Бакалавриат бағдарламасында (күндізгі оқу түрі) оқу ақысын оқу мерзімі бойы толық өтеу.
2️⃣ Оқу жылы ішінде (жазғы демалысты қоспағанда) 10 ай бойы тамақтану, тұрғын үй және оқу материалдарына жұмсалатын шығындарды ішінара өтеу үшін ай сайынғы стипендия төлеу.
Өтінім бере алатын үміткерлер:
- Ауылдық жерлерден, шағын және моноқалалардан шыққан аз қамтылған отбасылардың талапкерлері.
- Жетім балалар және 18 жасқа дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған тұлғалар.
- Мүгедектігі бар адамдар.
- Мүгедек балалары бар отбасылардан шыққан тұлғалар (18 жасқа дейін).
- 2022 жылғы қаңтардағы оқиғалар кезінде қаза тапқан ҚР азаматтарының балалары.
- 2022 жылғы қаңтардағы оқиғалар кезінде жарақат алған балалар.
Маңызды күндер:
📅 Өтінімдерді қабылдау: 1–17 тамыз (IITU қабылдау комиссиясында).
📅 Грант иегерлерінің тізімін жариялау: 11 қыркүйекке дейін Қордың ресми сайтында.
📍 IITU қабылдау комиссиясының мекенжайы: Алматы қ., Манас к-сі, 34/1
🌐 Толық ақпарат — «Қазақстан халқына» қорының ресми сайтында. ӨТУ ҮШІН БАСЫҢЫЗ