IITU мақтанышы! Абдрахман Нұрсұлтан тоғызқұмалақтан ұлттық турнирдің жеңімпазы!
20.11.2024

IITU студенті Абдрахман Нұрсұлтан тоғызқұмалақтан ұлттық турнирде жеңіске жетті!


Республика күні мен Қазақстанның көрнекті жазушысы Герольд Карлович Бельгердің 90 жылдығына орай Алматы қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының арнайы медалі үшін тоғызқұмалақтан турнир өтті. Бұл жарыста еліміздің үздік ойыншылары бас қосып, ұлттық ойынның шеберлігін көрсетті.


Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің студенті Абдрахман Нұрсұлтан өзінің логикалық ойлау қабілеті мен ұлттық мұраға деген сүйіспеншілігін көрсетіп, бірінші орынды иеленді.


IITU ұжымы атынан Абдрахман Нұрсұлтанды жеңісімен құттықтаймыз! Болашақта жаңа белестерді бағындыра беруіңе тілектеспіз.

Description of the image
Версия сайта для слабовидящих