«Математикалық және компьютерлік модельдеу» кафедрасының профессоры «Ғылым үздігі» Құрмет дипломымен марапатталды
14.05.2026

«Математикалық және компьютерлік модельдеу» кафедрасының профессоры Омаров Батырхан Сұлтанұлы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ғылым үздігі» Құрмет дипломымен марапатталды.

Бұл марапат оның ғылым мен технологияны дамытуға қосқан елеулі үлесінің, көпжылдық ғылыми еңбегінің, жоғары кәсібилігі мен өз ісіне адалдығының жоғары бағалануы болып табылады.


Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде сапалы білім беру мен білікті мамандар даярлауға ерекше көңіл бөлінеді. Университет студенттері заманауи ғылымның дамуына үлес қосып жүрген жетекші ғалымдар мен профессорлардан білім алу мүмкіндігіне ие.


Омаров Б.С. профессордың ғылыми қызметтегі жетістіктері және жас мамандарды даярлауға қосқан үлесі университеттің академиялық дамуының маңызды бөлігі болып табылады және жоғары құрметке лайық.

Версия сайта для слабовидящих