Бизнес-медиа және менеджмент факультетінде маңызды екі датаға Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мен Әлемдік сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай эдвайзерлік сағаттары өтті.
Тәуелсіздік күніне арналған іс-шарада студенттерге еліміздің тәуелсіздігінің маңыздылығы түсіндіріліп, патриоттық сезімдері оятылды. Жастардың ел дамуына қосатын үлесі, азаматтық жауапкершілігі туралы әңгіме қозғалды. Отанға деген сүйіспеншілік пен адал қызмет етудің маңыздылығы ерекше атап өтті.
Әлемдік сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылған эдвайзерлік сағатта студенттер сыбайлас жемқорлықтың зиянды әсерлері туралы жан-жақты ақпарат алды. Ғылыми жұмыстағы адалдықтың маңыздылығы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясаты туралы түсінік беріліп, ХАТУ студенттерінің «Академиялық адалдық кодексі» таныстырылды.
Қорытындылай келе, өткізілген эдвайзерлік сағаттар студенттерде жауапкершілік пен азаматтық ұстаным қалыптастыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңыздылығын түсінуге көмектесті .