CyberSecurity Malaysia компаниясымен серіктестік
31.10.2024

2024 жыл 25 қазан күні IITU басшылығының Куала-Лумпур (Малазия) қаласына сапары барысында CyberSecurity Malaysia басшылығымен кездесуі өтті.


IITU Басқарма төрағасы-Ректор Асылбек Исахов CyberSecurity Malaysia бас атқарушы директоры Дато, доктор Хаджи Амирудин бин Абдул Уахабпен кездесуінде жоғарғы, жоғарғы оқу орнынан кейінгі және кәсіби білім беру бағдарламалары мен ғылыми зерттеулерді дамыту стратегиялық бағыттың маңыздылығын атап өтті.


CyberSecurity Malaysia – бұл Цифрлық технологиялар министрлігінің басшылығымен жұмыс істейтін Малайзияның киберқауіпсіздік жөніндегі ұлттық агенттігі. Бұл мемлекеттік киберқауіпсіздік саясатын іске асыру үшін техникалық қолдау көрсету және бақылау өкілеттілігіне ие ұлттық орган.


Екі жақ киберқауіпсіздік саласындағы жоғары білікті мамандарды даярлау мақсатында халықаралық стандарттарға сәйкес сертификатталған бірлескен оқу бағдарламаларын іске асыру, сондай-ақ киберқауіпсіздіктің өзекті мәселелерін зерттеуге бағытталған жобаларды қаржыландыру туралы келісімге қол қойды.

Версия сайта для слабовидящих