Құрметті достар!
Сіздерді Дүниежүзілікақпарат күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Ақпарат – біздің ойымыздың қанаты, біліміміздің көзі. Ол арқылы әлемнің сан түрлі қырын ашып, өзіміздің шығармашылық әлемімізді кеңейтеміз. Бүгінде әркімнің ақпаратқа тең дәрежеде қол жеткізуі өте маңызды.
Әрдайым қажетті ақпаратты тауып, жаңалықтардан хабардар болыңыздар. Алған білімдеріңізді өздеріңіз бен қоғамның игілігіне қолданыңыздар. Ғылымға деген құштарлықтарыңызды одан әрі арттырып, өсіп-өніп отыруыңызға шын жүректен тілектеспіз.
Мереке құтты болсын!