Nauryz Fest IITU 2026: Дәстүр мен инновация тоғысы
16.04.2026


Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде Ұлыстың ұлы күніне арналған «Nauryz Fest IITU 2026» мерекелік іс-шарасы жоғары деңгейде аталып өтті. Биылғы мейрамның басты ерекшелігі — ұлттық құндылықтардың заманауи технологиялық жетістіктермен астасуында болды.


Мерекелік бағдарлама ұлттық дәстүрге сай «Көш» театрландырылған көрінісімен басталып, сахна төрінде Қыдыр ата бата берді. Іс-шараға құрметті қонақтар қатысып, ізгі тілектерін білдірді. Олардың қатарында Бостандық ауданы әкімінің орынбасары Кенесбай Алмаз Абайұлы, «AMANAT» партиясы Бостандық аудандық филиалының төрағасы Сабен Тынышқали Төреғалиұлы, Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының бөлім басшысы Бахытгүл Касыметова, Алматы қаласы Студенттер Альянсының төрағасы Айболат Сембиев, сондай-ақ Ассоциация түлектерінің мүшелері Аманбек Қуанышбек пен Айболат Құлатай Айболұлы бар. Мереке аясында университеттің қоғамдық өміріне белсенді атсалысып жүрген студенттер мен қызметкерлерге алғыс хаттар табысталды.

IT университетінің мәртебесіне сай, мерекеде жас ғалымдардың озық жобалары таныстырылды. Мерекенің басты жаңалығы ретінде IT және инженерия факультеті студенттері жасап шыққан автоматтандырылған робот-бариста қонақтарға адамның көмегінсіз кофе дайындап берді. Сонымен қатар, қонақтар арнайы VR-көзілдірігі арқылы виртуалды киіз үйге саяхат жасап, қазақ үйдің ішкі жабдықталуы мен ұлттық жәдігерлерді 360 градустық форматта тамашалады. Бұл цифрлық шешім көшпенділер мәдениетін заманауи тілде түсіндіруге мүмкіндік беріп, жастардың робототехника саласындағы әлеуетін паш етті.

Шығармашылық ұжымдар мереке көркін қыздыра түсті. Концерттік бағдарлама барысында «Қазына» ұлттық аспаптар ансамблі мен «Shadows» би ұжымы өнер көрсетіп, Мырзаханқызы Мадина мен Сабит Елдар «Наурыз-Думан» әнін, Ермашов Жеңіс заманауи әнін, Әтрет Бекзат «Молдабайдың әнін», ал Болатхан Мадияр «Баянауыл» әнін шырқады. Оразбек Бағжан авторлық рэп композициясын ұсынып, «AUEN» вокалды-аспаптық ансамблі кештің шарықтау шегіне айналды. Шара соңында барлық қатысушыларға Наурыз көже, бауырсақ және палау ұсынылды. Мерекелік бағдарлама аясында асық ату, ләңгі, тоғызқұмалақ және бес асық ойындарынан жарыстар ұйымдастырылып, қонақтар алтыбақанда тербеліп, батырлар мен бүркітшілермен естелік суретке түсу мүмкіндігіне ие болды.

NSA06077.jpg

NSA06086.jpg

NSA06092.jpg

NSA06104.jpg

NSA06194.jpg

NSA06208.jpg

NSA06296.jpg

NSA06551.jpg

NSA06274.jpg

NSA06583.jpg

NSA06123.jpg

NSA06658.jpg

NSA06147.jpg

NSA06600.jpg

NSA06184 (1).jpg

NSA06766.jpg

NSA06766.jpg

NSA06813.jpg

NSA06902.jpg

DSC04349.JPG

NSA06927.jpg

IMG_5392.PNG

Версия сайта для слабовидящих