2026 жылғы 25 ақпанда Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін» Жалпыұлттық коалициясы тақырыбы аясында жаңа Конституция бойынша түсіндіру кездесуі өтті.
Кездесудің мақсаты – конституциялық реформалардың мазмұнын түсіндіру, құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайту және қоғамда болып жатқан өзгерістердің маңыздылығын талқылау.
Іс-шараға спикер ретінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінің кафедра меңгерушісі Үсеинова Қарлығаш Рахымжанқызы, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесі комиссиясының төрағасы Ляктюшин Дмитрий Николаевич және университеттің академиялық қызмет жөніндегі проректоры Мұстафина Аққыз Құраққызы қатысты.
Кездесу университет қызметкерлері мен профессор-оқытушылар құрамының қатысуымен ашық диалог форматында өтті. Жастар атынан Жастар ісі жөніндегі комитеттің төрағасы Асхат Төлепберген сөз сөйлеп, конституциялық өзгерістердің маңыздылығын атап өтті (студенттер қатысқан жоқ).
Іс-шара соңында Басқарма төрайымы, университет ректорының міндетін атқарушы Колесникова Катерина Викторовна қорытынды сөз сөйлеп, жаңа Конституция аясындағы реформалардың ел дамуындағы және құқықтық мәдениетті арттырудағы рөлін атап өтті.


